ҚР Жоғарғы сотының төрағасы М.Әлімбеков Эберт қорының жоба үйлестірушісі В.Лапинспен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Бүгін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков пен Фридрих Эберт қорының Қазақстан және Орталық Азия бойынша жоба үйлестірушісі Вульф Лапинспен бірлескен одан әрі ынтымақтастық, атап айтқанда ювенальдық әділетті дамыту саласындағы мәселелерді талқылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Фридрих Эберт атындағы қор адамдардың демократия мен пікір алуандығы рухында саяси және қоғамдық білім алуына жәрдемдесу мақсатын алға қояды, Батыс пен Шығыстың арасында диалогты дамытуға ұмтылады және демократиялық құрылымдарды дамытуға үлес қосып келеді. Қазақстанда ювенальдық әділеттің қалыптасуы және дамуы ? ҚР Жоғарғы соты мен Қордың ынтымақтастығы дамып отырған салалардың бірі. Кездесу барысында М.Әлімбеков Қазақстанда ювенальдық әділет жас ұрпақты тәрбиелеуге, республика азаматтарын толыққанды қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Жазалау емес, нақ осы тәрбиелеу еліміздің ювенальдық соттары қызметінің басты ұстанымы болуы тиіс. Алматы және Астана қалаларында осындай соттарды құру алдында халықаралық тәжірибе зерделенді, халықаралық ұйымдар көмекке тартылды. Олардың екі жылдан бергі жұмысы елімізде бұлардың қажет екенін көрсетіп отыр.Профессор В.Лапинс ювенальдық құқық аяқталған тұрғыда болуы мүмкін емес екенін атап өтті. Уақыт өзгереді, жастардың мінез-құлқы өзгереді. Мәселен, Германияда дамыған ювенальдық әділет болғанымен проблема жойылып отырған жоқ, оның түрі өзгеріп отыр. В.Лапинстің айтуынша, жасөспірімдер қылмысы 14 пен 18 жастың арасында болады, содан кейін азаяды. Міне сондықтан да қоғам осы жас санаттарына көңіл бөлуі тиіс.
Соңғы жаңалықтар