11:55, 31 Қазан 2025 | GMT +5
Креативті индустрияға жататын қызмет түрлері бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM – Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.
Құжатқа сәйкес, тізбеге келесі бағыттар бойынша қызметтің 43 түрі қосылған:
- конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру;
- зергерлік іс;
- кино және анимация;
- кітапханалар, музейлер;
- мәдениет-бос уақыт өткізу мекемелері, мәдени мұра;
- музыка;
- сәулет және сән;
- ТВ, фотография;
- халық кәсіпшілігі;
- IT және геймдевелопмент.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД аясында Креативті индустрия қауымдастығын құру бастамасын көтерген еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық қатынастар елдерімізді біріктіретін негізгі фактор екеніне назар аударды.