Креативті индустрияның ел экономикасына қосатын үлесін 5% дейін арттырамыз - вице-премьер

«Қазақстанда креативті индустрияны дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Оның міндеттерінің бірі - ірі отандық, жоғары технологиялық ірі компаниялардың пайда болуы және технологиялық және венчурлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жастардың креативті әрі білімді бөлігін жұмыспен қамту болып саналады. Креативті сектор өсудің жаңа және перспективалы көзі ретінде Қазақстанда креативті индустриялардың үдемелі және жоспарлы дамуына негіз қалауға мүмкіндік береді. Дәл осы креативті индустрия бүгінде әлемде жаңа технологиялардың, жаңа салалардың, жаңа материалдық тауарлардың және ел үшін маңызды экономикалық артықшылықтардың негізгі көзі ретінде әрекет етеді», - деді вице-премьер елордада өтіп жатқан І Орталық Азия медиафорумында.
Оның атап өтуінше, шығармашылық индустрия - тапқырлық пен шығармашылық нәтижесін бизнеске және шетелге экспорттауға, сондай-ақ табыс табуға айналдыру.
«Жалпы, елімізде нормативтік-құқықтық база қабылданып, креативті индустрияны жүйелі дамытудың негізі қаланды. Креативті сектор шикізаттық емес экспортты дамыту мәселелерінде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, халық үшін, әсіресе жастар арасында табысты арттыру мәселесінде айтарлықтай әлеуетке ие. Алдымызда креативті индустрияның ел экономикасына қосқан үлесін 2025 жылы 5 пайызға дейін арттыру міндеті тұр», - деді Алтай Көлгінов.