Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кремльде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кремльде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кремльде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр

«Кремльде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр», - деп жазды Айдос Үкібай.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі кезінде ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың перспективалары мен аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарланған.