Кремль Трамптың Газадағы адамдарды қоныс аударту туралы мәлімдемесін естіді – Песков
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа аумағындағы палестиналықтарды көршілес араб мемлекеттеріне қоныс аудару және анклавтың өзін қайта құру ұсынысы Кремльге мәлім. Алайда, Мәскеу ұсынысты қабылдамаған көршілес Мысыр мен Иорданияның да ұстанымымен таныс. Бұл туралы брифинг барысында ТАСС сауалына жауап берген РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.
– Қоныс аудару тақырыбына келер болсақ, иә, біз бұған қатысты Трамп мырзаның мәлімдемесін естідік. Сонымен қатар мұндай идеяның қабылданбайтыны айтылған Амманның да, Каирдың да мәлімделелерін естідік, көрдік, - деді Песков.
Дональд Трамп 4 ақпан күні Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірлескен баспасөз мәслихаты барысында АҚШ-тың Газа спекторына әскер жіберуге және анклавты қалпына келтірумен айналысып, оны «таяушығыстық Ривьераға» айналдыруға дайын екенін мәлімдеген болатын. Ол үшін америкалық көшбасшысы палестиндіктерді көршілес елдерге – Мысыр мен Иорданияға қоныс аударуды ұсынып отыр. Алайда, Каир мен Амман палестиндіктердің қоныс аударуға қарсылық танытты.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы қызметкерлеріне Трамп бағдарламасы аясында жұмыстан шығуды ұсынғанын хабарлаған едік.