Крещение рәсімінде шомылу үшін 250 орын арнайы әзірленеді
АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігі крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады.

Биылғы дайындық аясында ел өңірлерінде қыс мезгілінде жаппай шомылу үшін 250 ресми орын ұйымдастырылады. Қауіпсіз мұз ойықтарының толық тізімімен жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ департаменттерінен білуге болады.
− Жаппай шомылу орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құтқарушы сүңгуірлерді, шұғыл ден қою бригадаларын және полиция қызметкерлерін қоса алғанда, 2 395 қызметкер кезекшілік етеді. Жедел ден қою үшін 588 арнайы көлік тартылады, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ азаматтарды шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: ойыққа түспес бұрын денсаулықтың мүмкіндік беретініне көз жеткізу керек, созылмалы аурулар мен жүрек проблемалары бар адамдарға шомылудан бас тарту ұсынылады.
Қауіпсіз шомылу үшін судың температурасы 0 градустан төмен болмауы керек, қатты ағындар мен тасты жерлерден аулақ болып, тек арнайы дайындалған және қауіпсіз жерлерде шомылу керек.
Жалғыз сүңгуден аулақ болыңыз, жақын жерде көмектесетін адамның болғаны дұрыс. Суға түсер алдында бұлшықетті қыздырып, денені суық суға дайындау үшін жылытыңыз. Тез сүңгуге тырысыңыз және гипотермияны болдырмау үшін су астында ұзақ тұрмаңыз. Шомылғаннан кейін тез оранып, жылы киім киіңіз.
Министрліктің хабарлуынша, өткен жылы жаппай шомылуға 72 мыңнан астам адам қатысқан.
Бұған дейін дін өкілдері Крещение мерекесінде мұсылмандардың суға түсуі жөнінде пікір білдірген еді.
Сондай-ақ, СҚО-да мұздың жұқалығына байланысты Есіл өзенінде суға шомылуға тыйым салынды.