Криптобиржа сарапшылары альтсезонның жақындағанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM — Coinbase криптобиржасының сарапшылары 2025 жылдың қыркүйегінде ауқымды альтсезонның басталуын болжады, деп жазды АЗЕРТАДЖ.

Криптобиржа сарапшылары альтсезонның жақындағанын мәлімдеді
Фото: Pixabay.com

ӘЗЕРТАДЖ The Block басылымына сілтеме жасап, мұндай қорытындысына биткоиннің нарықтағы үстемдігінің төмендеуі, басқа криптоактивтердің капитализациясының артуы және Ethereum-ге деген қызығушылықтың өсуі себеп болып отыр. Coinbase талдаушыларының негізгі тұжырымы — нарық 2025 жылғы қыркүйекте толыққанды альтсезонға көшуді меңзеп отыр. Бұл бірнеше фактормен дәлелденеді.

Алайда, CoinMarketCap ұсынған альтсезон индексі 45 тармақ деңгейінде, бұл альтсезонның басталуын білдіретін шекті мәннен (75 тармақ) төмен.

Индекстің осы салыстырмалы түрде төмен мәні альткоин секторындағы капитализацияның 2025 жылдың шілде айының басынан бері 50%-дан астамға өсіп, 1,4 трлн долларға жеткеніне қарамастан сақталып отыр. Бұл өсім, ең алдымен, Ethereum-ге деген сұраныстың артуымен, атап айтқанда, қазынашылықты басқару саласындағы компаниялар белсенділігімен, стейблкоиндар мен нақты активтерге байланған токендердің (RWA) танымалдылығымен байланысты.

Сонымен қатар, Coinbase есебінде биткоиннің нарықтағы үстемдігінің төмендеуі де атап өтілді. Егер мамыр айында бұл көрсеткіш 65% деңгейінде болса, тамызда 59%-ға дейін түскен. Мақала дайындалған сәтте бұл көрсеткіш 59,3% болды.

Coinbase сараптамасы макроэкономикалық факторларға да, нормативтік өзгерістерге қатысты күтулерге де сүйенген. Макрофакторларға мысал ретінде, әлемдік M2 ақша массасының индексі 2025 жылдың III тоқсанының соңында немесе IV тоқсанының басында нарыққа өтімділік ағыны болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, АҚШ-тағы ақша нарығы қорларында шамамен 7,2 трлн доллар сақтаулы. Сәуір айында бұл көлем 150 млрд долларға азайғанымен, маусымнан бастап 200 млрд доллардан астам өсім тіркелді. Бұл кезде криптонарықта да өсім байқалды, бұл әдеттегі кері корреляциямен қайшы келеді.

Coinbase пікірінше, бұл капитал — бірқатар факторларға, соның ішінде АҚШ-тағы рецессияға қатысты алаңдаушылыққа байланысты жіберілген мүмкіндік болып саналады. Алайда қыркүйекте ФРЖ-ның монетарлық саясатты жұмсартуы (осындай болжамдар бар) ақша нарығы қорларының тартымдылығын төмендетіп, өтімділікті босатуы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, стейблкоиндардың заңдастырылуы мен Ethereum-ге деген сұраныстың артуы еркін капиталдың дәл альткоиндарға бағытталуына алып келеді. Бұл тек капитализациясы бойынша екінші криптовалюта – Ethereum ғана емес, бүкіл альткоин секторының өсуіне әкелуі мүмкін.

Бұл тұжырым кейбір альткоиндардың Ethereum-ге қарағанда жоғары бета-кірістілік көрсетуімен де расталады. Атап айтқанда, ARB, ENA, LDO және OP токендері мысал ретінде келтірілген.

Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ-тағы PPI өсімі жаһандық нарықтағы тәуекелге қызығушылықты бәсеңдетті.

Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды
Ұқсас жаңалықтар

Астана мен Санкт-Петербург арасындағы әуе қатынасы қайта жанданды