Криптовалюта алмақ болған Қосшы тұрғыны 2,7 млн теңгесінен айырылды

Криптовалюта
Фото: Acquire Licensing Rights

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Криптовалюта арқылы ақшасын еселемекші болған Ақмола облысы Қосшы қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 2,7 млн теңге ақшасынан айырылды.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен әйел биылғы жылдың қаңтар айында Instagram желісінен капиталды көбейту туралы жарнаманы көріп, қызығушылық танытқан. Жарнама авторлары криптовалютаға инвестиция салғаны үшін қаражатын екі есе көбейтуге уәде берген.

«Сілтеме бойынша өтіп, сайтқа тіркелгеннен кейін әйел жеке парақша мен есепшот ашқан, онда 50 АҚШ доллары болған. Осылайша, алаяқтардың арбауына түскен әйел 2 700 000 теңге ақшасын алдын ала ашқан есеп шотқа аударып жіберген. Қазіргі уақытта полиция істі тергеп жатыр», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, 19 ақпанда өңірде «Аnti-fraud» республикалық жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.

Акция ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған.

Еске салайық, көкшетаулықтың 12 млн теңге ақшасын жымқырған дроппер 3,5 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар