Криштиану Роналду Түркиямен матчта бірден 4 рекорд жаңартты

киштиану роналду
Фото: instagram.com/euro2024

АСТАНА. KAZINFORM — Криштиану Роналду футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында Португалия құрамасының Түркиямен кездесуінде бірден 4 рекорд орнатты.

Португалия құрамасының жұлдызды шабуылшысы әлемдік футболдағы көптеген мамандар мен өз жанкүйерлерін көптеген жетістігімен қуантып келеді. 

Құрлықтық доданың 2-турындағы Түркиямен кездесуінен (3:0) кейін 39 жастағы футболшы төрт бірдей рекорд орнатты. 

Португалия құрамасының капитаны аталған ойында жасыл алаңға алғашқы минуттан шықты.

Осылайша өз құрамасы сапында 19 ойын қатарынан құрлықтық дода кездесуіне қатысқан алғашқы футболшы атанды. 

Бұл жөнінен ол итальяндық қорғаушы Леонардо Бонуччиді артқа қалдырды. Итальян футболшысы Еуропа чемпионатында 18 ойын қатарынан жасыл алаңға шыққан еді. 

Сондай-ақ португалиялық шабуылшы өз мансабында құрлықтық доданың финалдық сатысында 27 ойынын өткізді.

Жалпы, ол ұлттық құрама сапында 2003 жылдан бері 209 кездесуде 130 гол соғып үлгерді.

Оған қоса португалиялық құраманың көшбасшысы Еуропа чемпионаты тарихында үздік ассистент атағына лайық деп танылды. 

Түркиямен ойында ол Бруну Фернандешке нәтижелі пас шығарып берді. Бұл — құрлықтық доданың финалдық сатысындағы 27 ойынында жетінші нәтижелі пасы.

Ол бұған дейінгі Чехия құрамасының ойыншысы Карела Поборскидің (6 нәтижелі пас) рекордын жаңартты.

Тағы айта кетерлігі, Криштиану Роналду Еуропа чемпионатындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Ол да Еуропа чемпионатындағы рекордтық көрсеткіш саналады.

Соңғы жаңалықтар