Криштиану Роналдудың жалақысының басым бөлігі Сауд Арабиясының бюджетінен төленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубына ауысқан португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың жалақысы қайдан төленетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

The Athletic басылымы мәлім еткеніндей, 37 жастағы ойыншы жалақысының басым бөлігі ел бюджетінен төленеді.

«Аль-Наср» клубы футболшының жалақысына кететін шығынның 10 пайызын ғана жабады.

«Криштиану Роналдудың «Аль-Наср» клубындағы кепілдік берілген жылдық жалақысы 90 млн-дай долларды құрайды. Криштианудың өкілдерімен мақұлданған коммерциялық және демеушілік мәмілелер келісімшартқа кіреді және жалпы табысты 200 млн долларға жуықтатады», деп жазды Фабрицио Романо Twitter-де.

Португалиялық футболшымен келісімшарттың 2,5 жылға жасалғаны белгілі. «Аль-Наср» клубы құрамындағы алғашқы ресми матчтарында Роналду нәтижелі ойынымен көзге түсе қойған жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалғанын жазған болатынбыз.


Фото: Getty Images


Соңғы жаңалықтар