16:14, 20 Желтоқсан 2018 | GMT +5
Кристиан Кун ҚТЖ Директорлар кеңесіне басшы болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кристиан Кун «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, ұлттық компаниясының облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұр.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бұл қызметті 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап атқарған болатын.