Кристиан Штокер Аустрия халық партиясына басшылық етеді

АСТАНА. KAZINFORM — Аустрия халық партиясының (АХП) съезі федералды канцлер Кристиан Штокерді өзінің жетекшісі етіп бекітті, деп жазады ТАСС.

Австрия
Фото: Pixabay

Бұл туралы АХП-ның X әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы съезд қорытындысы бойынша жасалған мәлімдемеде айтылған.

Штокер партияластарының арасында 98,42% дауысқа ие болды. Ал оның орынбасары етіп Тиролдағы АХП филиалының өкілі Софи Кирхер тағайындалды.

2025 жылдың қаңтарында Аустрия үкіметінің бұрынғы басшысы Карл Нехаммер ел канцлері және АХП жетекшісі қызметінен кететінін мәлімдеді. Кейіннен партия басшылығы Штокерді уақытша жетекші етіп тағайындауға шешім қабылдады.

3 наурызда Аустрия президенті Александр Ван дер Беллендің алдында республиканың жаңа үкіметі ант берді. Ол АХП, Аустрияның Социал-демократиялық партиясы және «Жаңа Аустрия — либералды форум» (NEOS) партиясынан құралды. Коалициялық үкіметті Штокер басқарды.

Бұған дейін Аустрия босқындардың отбасын қайта біріктіру процесін уақытша тоқтатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар