Кристина Овчинникова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
НАГОЯ. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Кристина Овчинникова Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлде еншіледі.
Отандасымыз әйелдер арасында биіктікке секіру бәсекесінде жарыс жолына шығып, 1.87 метр нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.
Өзбекстандық спортшы САЙФУЛЛАЕВА Барнохон Сайфуллаева 1.90 метр биіктікті бағындырып, чемпион атанды. Ал индиалық Пуджа 1.84 метр нәтижемен қола жүлде еншіледі.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Айбек Оралбай Азия ойындарында финалға шықты.
Сонымен қатар, Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарының жартылай финалына шықты.