Кристина Шумекова Германиядағы әлем чемпионатында тағы да үздік шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы үшінші алтын медалін жеңіп алды.
Бұл жолы отандасымыз 1000 метр қашықтықта 1:16.34 уақыт көрсеткішімен қарсыластарынан озып, мәре сызығын бірінші болып кесті.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының өзге спортшылары да бақ сынады. Атап айтсақ, Анастасия Беловодова 1:17.99 нәтижесімен жетінші орынға тұрақтаса, Варвара Глухова 32-сатыдан көрінді.
Айзада Рымбек жарысты 34-орынмен аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 500 және 1500 метр қашықтықтарында да топ жарып, екі бірдей алтын медаль еншілеген болатын.
Осылайша, отандасымыз жасөспірімдер арасында үш дүркін әлем чемпионы атанып отыр.
Айта кетелік Кристина Шумекова рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған еді.