Крит аралының маңында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды
АФИНЫ. ТАСС - ҚазАқпарат - Бейсенбі күні кешке Крит аралының маңында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Афина геодинамикалық институты мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
Ақпарат көзінің жазуынша, зілзала ошағы Ираклион қаласының маңындағы теңізде болған. Қайнар көзі шамамен 9 км тереңдікте жатыр.
Құрбандар мен шығындар туралы ақпарат түскен жоқ.