КСРО Халық әртісі Иосиф Кобзон Астанада тегін концертін өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қазанда сағат 18.00-де елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Жеңістің 70 жылдығына орай КСРО Халық әртісі Иосиф Кобзонның концерті өтеді.
None
None

Танымал өнер иесінің өзі айтып өткендей, ол үшін «1945 жылғы 9 мамыр оның соғыс кезеңіне тап келген балалық шағындағы ең қуанышты күн». Осылайша, көрермендер сүйікті әншілерінің орындауындағы патриоттық әндерді тыңдай алады, деп хабарлайды Астана қалалық мәдениет басқармасынан. Коммерциялық емес жобаға Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана қаласының әкімдігі және «Мәдениет арқылы бейбітшілік» халықаралық қауымдастығы қолдау көрсетіп отыр. Концертке кіру тегін, оған тек шақыру билеттерімен кіруге болады.

Соңғы жаңалықтар