Кітапханаларда ақылы іс-шара өткізіп, табыс табуға рұқсат берілмек

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде мемлекеттік кітапханада білім беру және мәдени іс-шараларды ақылы өткізу құқығы берілуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

- Кітапхана қорын дамыту және кітап басылымын қолдау заң жобасында мемлекеттік кітапханалардың қорын сақтау және кеңейту шаралары қарастырылған. Бұл қадам әдебиеттің қолжетімділігін арттыруға және кітапханалар жүйесін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар заң жобасында мемлекеттік кітапханаларға білім беру және мәдени іс-шараларды ақылы негізде өткізу құқығын беру, сол арқылы қосымша қаражат табу туралы норма бар. Бұл өзгеріс кітапханалардың рөлін тек кітап сақтау орны ретінде емес, заманауи мәдени-білім беру орталығы ретінде нығайтуға мүмкіндік береді, - деді Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында қаралып жатыр.

Еске сала кетсек, былтыр күздегі статистика бойынша елімізде 9,5 мыңнан астам кітапханашы, 73 миллионға жуық кітап бар. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай елімізде жарыстарда озат болған оқушылардың ұстаздарына бір реттік сыйақы беруді заңдастыру мәселесі қаралып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар