КТК Ұлттық лигасының чемпионы анықталды

Лига чемпионының кубогын Алматының «Номад» командасы жеңіп алды. Екінші орынды - «Жайдарман Астана», Алматының «Сенсация» командасы қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінен.
Алматының «Номад» командасында Қазақ спорт және туризм академиясының намысын қорғаған жастардың болғанын атап өткен жөн.
Финалда Астана, Алматы және Тараз қалаларының бес командасы қатысты.
Командаларды ойын маусымының аяқталғанымен құттықтаған, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, олардың өте жақсы ойын өрнегін көрсеткенін атап өтті.
«Бүгінгі күні елімізде бейбітшілік пен келісім салтанат құрып отырғандықтан, біз өз мүмкіндігімізді іске асыра аламыз. Бүгін бізге командалар жұрттың қошемет көрсетуіне лайық жақсы ойын көрсетті. Ең бастысы, жеңіс емес, адамдарға ізгілік пен қуаныш сыйлай білуде», - деді Б.Байбек.
«Үй тапсырмасы» байқауында жастармен бірге тележүргізушілер Мая Бекбаева мен Жасын Қамбаев, сондай-ақ Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов та сахнаға шықты.
Жюри құрамына енгендер: ҚР Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Дәурен Абаев, радиожүргізушілер Антон Зыкин мен Азамат Имашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев, «КТК Ұлттық Лигасының» редакторы Тимур Ержанов.
«Бұл маусымның өз ерекшелігі бар. Көңілділер мен тапқырлар клубы - миллиондаған адамдардың өмірі мен ойының көрінісі деген сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Расында да кез келген әзілде бір мысқалдай болса да шындық бар. Командаға қатысушылардың көбісінің тек қазақ Лигасында ғана емес, орыс тілділердің арасында да тамаша өнер көрсеткені көңілге қуаныш ұялатады. Бұл бірінші кезекте әр қатысушының еңбегі», - деп атап өтті Азамат Имашев.
Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі жастардың тапқырлығы мен кәсіби шеберлігін мақтады.
Естеріңізге сала кетейік, ойындар ағымдағы жылдың 1 сәуірі - күлкі күні қарсаңында бастау алған болатын. Лига ойындарының бірінші кезеңінде Астана және Алматы қалаларында 20 ойын өткізілді. Лиганың бастау алған кезеңінен барлық аймақтардан 48 команда қатысты. Олардың ішінде қаладан - 21, аудандардан - 2, ауылдық аймақтан - 1, жоғары оқу орындарынан - 20 команда.
Сондай-ақ, ұлттық компаниялардан «Қазақстан темір жолы» және «Қазақтелеком» командалары, Қырғызстаннан Қырғыз - Ресей білім академиясы және Қырғыз политехникалық университетінің КВН-командалары қатысты.
Жалпы, КТК лигасының бірінші кезеңінде команда ойыншыларының саны 524 адамды құрады. Қатысушысының ең жасы - 15-те, ал ең үлкені - 30-да.