ҚТЖ қызметкерлері 5 жылдан бері жетім балаларға баспана сатып алу үшін ақша жинап келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әскерилендірілген теміржол күзеті - 14 баланы қамқорлығына алды, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің «Шығыс Қазақстан облысындағы балалар досы» сертификатын «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әскерилендірілген теміржол күзеті  (ӘТКҚ) АҚ жеңіп алды.

Мұндай құрметті атаққа әскерилендірілген күзет қызметі ұжымы жетім балаларға тұрақты қамқорлық жасап, қолдау көретіп отырғандықтан ие болды.

«ӘТКҚ» АҚ филиалының басшысы Қуаныш Айдаболовтың айтуынша, соңғы бес жылдан бері  Мамытовтер отбасы мүшелері Ислан, Ислам, Эльшан ұжымның қамқорлығымен ержетіп келеді. Филиал осы жетім балалардың атына «Тұрғынүйжинақ» банкінен есеп шот ашып, жиналған қаржыға пәтер сатып әперуді ойластыруда.

Қазіргі кезде бұл балалар «ШҚО Балалар деревнясы» ҚМБ-да тәрбиеленуде.  Оларды әскерилендірілген темір жол күзеті қызметкерлері жаңа оқу жылына дайындауда. Оған қажетті оқулықтар мен тиісті құралдарды жабдықтауда.

Мұндай жетім балаларға қамқорлық жасау бастамашылықтарын «ӘТКҚ» АҚ -ның республикадағы барлық филиалдарында атқарылады. Бүгінгі таңда әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі қамқорлығында 14 бала бар. Олардың әрқайсысының «Тұрғынүйжинақ» банкіндегі есеп шотына  қаржы бөлініп, болашақта пәтер алуына мүмкіндік жасалады. 

Соңғы жаңалықтар