ҚТЖ Қызылорда облысында вагондардың рельстен шығуының себебін жариялады
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 23 наурызында түнгі сағат 1:40-та Қызылорда облысы жол бөлімшесінің Шиелі стансасында №13-жүкті қабылдау-жөнелту жолында №2408-жүк пойызын қабылдаған кезде 6 жүк және 5 бос вагон рельстен шықты. Жүк және жолаушылар пойызы кестеден кешіккен жоқ.
Қалпына келтіру жұмыстары сағат 10:30-да аяқталды. Оқиғаның салдарын жоюға Қызылорда стансасынан қалпына келтіру пойызы және Шиелі стансасының 11 жұмысшысы қатысты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы құрыған комиссия оқиға себебін анықтады. Атап айтқанда, рельстен шыққан бірінші вагон дөңгелегінің диаметрінде 30 милиметрден асатын айырмашылық болды. Вагон "ВЭБ-лизинг" АAҚ-ға (Ресей) тиесілі, 2007 жылы «Алтайвагонзавод» ААҚ-да шығарылған. Келтірілген залалды өтеу белгіленген тәртіппен вагон иесіне жүктеледі», - делінген хабарламада.