ҚТЖ Лондон және Қазақстан қор биржаларында еурооблигацияларының жаңа шығарылымын сәтті орналастырды

деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ баспасөз қызметі.
Компания АҚШ пен Еуропа инвесторларына «road show» өткізді.
«Төменгі 7%» деңгейіндегі шығарылымның алғашқы баға көрсеткіштері институционалдық инвесторлардың қызығушылығын тудырды. Өтініштерді жинау нәтижесінде транзакция төмендетілген баға диапазонының ең төмен шегі бойынша жабылды. Тапсырыстың соңғы кітабы 250 инвесторлардан келіп түскен 5,2 млрд. АҚШ долларын құрады.
Аталмыш шығарылым посткеңестік кеңістіктегі корпоративтік эмитенттердің арасында өтеудің рекордтық мерзімін белгіледі. Бұл - Орталық Азия, Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка елдерінен 2008 жылдан бері 30 жылдық өтеу мерзімі бар шарттың ең ірісі. ҚТЖ-ның орналастыруы корпоративті эмитент қол жеткізген ТМД-дан 30 жылдық өтеу мерзімі бар ең төменгі табысқа ие.
Сәтті шығарылым ҚТЖ имиджін инвесторлардың арасында ұзақ және қысқа мерзімді даму стратегиясы, тұрақты қаржылық жағдайы, корпоративтік басқарудың жоғары дәрежесі бар компания ретінде тағы бір айшықтады.
Аталмыш қаржыландыру ҚТЖ-ның 2012 жылы жүк вагондарын сатып алу инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру үшін тартылған.