«ҚТЖ» ҰК-ның қызметкері Орал стансасындағы жүк вагонынан 56 тонна құс етін ұрлауда күдікті деп танылды

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметкерін Орал стансасындағы жүк вагонынан 56 тонна құс етін ұрлауда күдікті деп танылды.
None
None

Ұрланған тауардың бір бөлігі - 31 тонна  көп ұзамай атыраулық фирмалардың бірінде табылды.

 Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділда Оразға сілтеме жасаған «Экспресс К» газетінің журналисі Анжелика Громова («Оборотни в вагонах» мақаласы, 28.06.2012 жылғы № 116 (17474)  жазады.

 Бағасы 17 млн. теңгеге жуық тауардың жоғалуы туралы стансаның жұмыскерлері полицейлерге 16 маусым күні хабарлады. Бірнеше күннен кейін тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады, ал 21 маусым күні ұрыны ұстады. Қазіргі кезде оның сыбайластары іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар