ҚТЖ жайлы логистикалық ахуал қалыптастыру үшін бизнес-қоғамдастықпен конструктивті диалог қалыптастыруға ниетті

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 11 мамыр күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да бизнес қоғамдастық өкілдерімен логистикалық ахуал қалыптастыру мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

Алқалы жиынға қатысушылар негізінен компанияның еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту, транзиттік мүмкіншілігін арттыру бағытында қолға алынған шараларды талқылады. Сонымен қатар күн тәртібінде Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін дамыту стратегиясы, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы, KAZLOGISTICS көлік-логистикалық қауымдастығының мақсаты мен міндеттері, сонымен қатар көліктік логистика саласының өзекті мәселелері қарастырылды.

«КТЖ мен бизнес-қоғамдастық арасындағы конструктивті диалогты қалыпастыру үшін осындай кездесулерді өткізіп тұру өте маңызды. Бұл дөңгелек үстел біздің жүздесуіміздің жаңа кезеңіне айналады. Біз елдегі жайлы логистикалық ахуалды қалыптастыру үшін көлік компанияларымен әріптестікке дайынбыз. Бизнес пен билікті біріктіру өте қажет», - деп атап өтті жиын барысында «Қазақстан темір жолы» компаниясының логистика жөніндегі вице-президенті Ерхат Есқалиев.

Соңғы жаңалықтар