ҚТЖ-Жүк тасымалы өмірден өтіп кеткен зейнеткердің атына ақша аударып отырған

Көлік прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Прокуратура
Фото: ҚазАқпарат

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.

"Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған", - деді Дархан Дүйсембай.

Қазіргі кезде заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Соңғы жаңалықтар