«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жеке компания мүддесі үшін әрекет етті деп айтыпталып отыр

ҚТЖ
Фото: ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы мен мотор майын өндіретін «Hill Corporation» арасында локомотивке мотор майын жеткізу саласында 624 млн теңгеден астам бәсекелестікке қарсы келісімін анықтады.  

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров агенттіктің алқа отырысында мәлімдеді. Қазіргі уақытта монополияға қарсы тергеу материалдары сотқа дейінгі іс жүргізу үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне жолданды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы мотор майларын сату кезінде жеткізушілерді шеттетіп, олардың май сатып алу ісіне қатысуына кедергі болған.

Осылайша, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» әрекеттері әу бастан «HILL Corporation» мүддесі үшін жасалып отырған.

«Айта кетейік, қазіргі уақытта тергеу нәтижелеріне қатысты жоғарыда атаған тарап сотқа жүгінді, демек, заңбұзушылыққа барған тарап сот шешімі заңды күшіне енгенше кінәсіз деп саналады», — деп түсіндірді агенттік.

Соңғы жаңалықтар