ҚТЖ-Жүк тасымалы Жетісу облысында бәсекелестік талаптарын бұзғаны анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – Алтынкөл станциясының қызметіне жүргізілген талдау нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады.

жүк тасымалы, экспорт
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ведомство мәліметінше, анықталған бұзушылықтар жекелеген нарық субъектілеріне жеңілдіктер немесе өзге де артықшылықтар беру арқылы көрініс тапқан. Нәтижесінде кәсіпорын бұл субъектілерге қатысты бәсекелестеріне қарағанда артықшылық жағдай қалыптастырып, мүлікті жалға алу шарттарын жасау кезінде және қызмет көрсету барысында қолайсыз орта туындатқан.

- Аталған фактілер бойынша департамент тарапынан тиісті хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта хабарлама шарттарына сәйкес міндеттемелерді өзгерту арқылы қосымша келісім жасасу жолымен орындау көзделіп отыр, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, ҚТЖ құрылысы 11 жыл бойы бітпей тұрған кешенді сатуға шығарады.
.

Соңғы жаңалықтар