Куәгерлер әлеуметтік желілерде Ниццадағы теракті кезінде түсірілген жаңа ВИДЕО мен ФОТО жариялап жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше сағат ішінде әлеуметтік желілерде #PrayForNice, #RechercheNice, #AttentatNice хэштегімен видеолар мен фотолар пайда болды. Олар 14-нен 15 шілдеге қараған түні Ниццада орын алған терактіге арналды.
Ницца жағалауында Бастилия қамалын алу күнін тойлау барысында жүк көлігі адамдарды басып, кейін көліктен жиылғандарға оқ атқан.
Соңғы мәліметтер бойынша 80-нен астам адам қаза тапты, 100-ден астамы зардап шекті. Францияның оңтүстігінде террористік қауіптің ең жоғарғы деңгейі жарияланды.