Қуандық Бишімбаев жазасын өтейтін түрмеге жөнелтілді

АСТАНА. KAZINFORM — Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.

бишімбаев
Фото: Жоғарғы сот

Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, бұрынғы министр қамауда отыратын мекеме сот үкіміне сәйкес белгіленген. 

«Сотталушы (Қ. Бишімбаев) сот үкіміне сәйкес қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жолданды. Сонымен қатар, Қылмыстық атқару кодексінің 88-бабы бойынша сотталғандар жазасын өтеу орындарына тіркеуге сәйкес жіберіледі», — делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ, комитет Қылмыстық атқару кодексінің 93-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады. 

Бұған дейін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы Қуандық Бишімбаев түзеу мекемесіне өткеннен кейін қандай жұмыс істеуі мүмкін деген сауалға жауап берген еді. 

Еске сала кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталды. 

Соңғы жаңалықтар