Қуандық Бишімбаевтың баланы қағып кету дерегі расталмады – Игорь Лепеха

лепеха
Фото: Кazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қуандық Бишімбаевтың көлікпен баланы қағып кеткені туралы дерек нақтыланбады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.

«Ақпарат расталған жоқ. Біз өмірі қиылған әйелдің туыстарымен (Салтанат Нүкенованың), сондай-ақ оның ағасымен сөйлестік. Ақпараттың қайдан болғанын тексердік. Бірақ онда басқа жағдай туралы айтылған, яғни дерек расталған жоқ. Атап айтқанда, біз әлі де тексереміз», - деді И. Лепеха Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін қайтыс болған С. Нүкенованың анасы күдікті Қуандық Бишімбаев ертеректе баланы қағып кетіп, жауапкершіліктен жалтарғанын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар