Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге 100 млн теңге дәметкен алаяқ сотталды
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен алаяқтық жасауға оқталды және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп айыпталған Г. есімді елорда тұрғынына қатысты үкім шығарды.
Соттың хабарлауынша, астаналық алаяқ биыл мамырда бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін аяусыздықпен өлтірді деген айыпталып, сотталып жатқан кезде экс-шенеунікке қатысты үкімді жеңілдету және апелляциялық сатыға беру үшін одан 100 млн теңге көлемінде сыйақы сұрап, артынан иемденген.
«Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, бейнежазбамен және қылмыстық іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді», - делінген үкімде.
Дегенмен сотталушы кінәсін мойындамаған, ал оның қорғаушысы сотталушыны ақтауды сұраған.
«Ауырлататын мән-жай анықталған жоқ. Сот үкімімен алқабилер сотымен Г. ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша (ҚК-нің 58-бабы) 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды», - деп жазылған сот үкімінде.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетсек, Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде еткен Астана тұрғынына қатысты тергеу биыл тамызда аяқталған еді.