Қуандық Бишімбаев «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы болып сайланды

«Кеңестің қазіргі төрағасы Бауыржан Байбектің өкілеттік мерзімі өтуімен байланысты жарғыға сәйкес төраға сайлау болды. Дауыс беру қорытындысымен басым көпшіліктің дауысына ие болған Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев «Болашақ» қауымдастығы кеңесін басқаратын болды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Б.Байбек бірлестік кеңесінің құрметті төрағасы болып, қауымдастық қызметіне қатысуды және оның дамуына үлес қосуды жалғастырады.
Қуандық Бишімбаев 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, 2001 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж.Вашингтон атындағы Университет жанындағы менеджмент және бизнес мектебін (АҚШ) бітірген. Оған бизнес-басқару магистрі дәрежесі берілген. 2002 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Әр жылдарда бизнесте және мемлекеттік секторларда басшы қызметтерде болды. 2013 жылы «Бәйтерек» ұлттық холдингі басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2008 жылдан «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі.