Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

«2017 жылдың 6 сәуірінде Астана қаласы №2 Алматы аудандық соты күдікті Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімін 2017 жылдың 10 мамырына дейін ұзартты»,- делінген сауалға берген жауапта.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық тергеу амалдары жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлағандай, ол бір топ адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыпталуда . Бишімбаев Қызылорда қаласында шыны табақ шығаратын және өңдейтін зауыт салу кезінде «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырған деп күдікке ілінді.