Қуаныш Дайырбеков Көлік министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығымен Дайырбеков Қуаныш Рысбекұлы Көлік министрлігінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қуаныш Дайырбеков Көлік министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
Фото: Үкімет

Қуаныш Рысбекұлы 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Астана қаласында «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖАҚ инженері болып бастады.

2002 жылы – ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Өндірістік емес төлемдер департаментінің жетекші маманы.

2002–2013 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі құрылымдарында жетекші маманнан басқарма басшысына дейінгі түрлі лауазымда жұмыс істеді.

2013–2016 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.

2016–2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің консультантынан бастап Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымда қызметтер атқарды.

Айта кетелік Серік Саиров «Қазсушар» ҒЗИ бас директоры болып тағайындалған еді

Соңғы жаңалықтар