Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы әкімінің орынбасары лауазымына Қуаныш Сүлейменов тағайындалды.

Абай облысы әкім
Фото: Абай облысы әкімдігі

Қуаныш Серқазыұлы 1973 жылы бұрынғы Семей облысының Шар қаласында туған. Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді.

Оқуын Қазақ мемлекеттік заңгерлік академияда, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша жалғастырып, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі атанған.

«Шалабай» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. VII сайланған Абай облыстық мәслихатының хатшысы болған.

2023 жылдың наурыз айында Абай облыстық мәслихатының төрағасы қызметіне сайланып, осы уақытқа дейін жұмыс істеді.

Еске салсақ, осыған дейін Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар