Қуаныш Сұлтанов мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін «Отан» орденімен наградталды

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қуаныш Сұлтанов
Фото: ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отан» орденімен наградталсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 8 мамыр

№ 873

Осыған дейін Мемлекет басшысы жоғары әскери атақтар туралы жарлыққа қол қойған болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар