Қуат Артықбаев Павлодар облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды

ПАВЛОДАР. 2 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Қуат Ғабдолжапарұлы Артықбаев Павлодар облысы прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарланды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
None
None

Қ. Артықбаев 1968 жылы Алтай өлкесінің Қара-кесек ауылында дүниеге келді, 1993 жылы Сверлов заң институтын тәмамдады.

Прокуратура органдарында 1993 жылдан бастап еңбек етті, облыс прокуратурасында әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімнің басшысы, Лебяжі ауданының прокуроры, Павлодар облысы прокуратурасында жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма басшысы, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі болды.

Сыныптық шені - юстицияның аға кеңесшісі.

Соңғы жаңалықтар