13:25, 12 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Кубада ұлттық электр желісі істен шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Коммунистік басқару жүйесі орнаған Куба мемлекетінде ұлттық электр желісі бір жылдың ішінде төртінші мәрте істен шықты.
ӨзА ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл туралы SEN елдің мемлекеттік энергетикалық компаниясы хабарлаған.
– «SEN» ұлттық электр желісінде толық үзіліс тіркелді. Бұл жағдайдың «CTE Guiteras» жылу электр стансасының күтпеген жерден тоқтап қалуымен байланысты болуы мүмкін, - делінген Электр энергетикасы қызметкерлерінің ұлттық одағы таратқан ресми мәлімдемеде.
Компанияның жауапты өкілі оқиғаның нақты себебі анықталып жатқанын, қазіргі кезде қалыпқа келтіру жұмыстары басталып кеткенін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Испания мен Португалия электр жарығынсыз қалғанын жазған едік.