Кубада жас жігіт акуланың құрбанына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба жағалауында шомылып жүрген ер адамға акула шабуыл жасады.
None
None

Әзірге аты-жөні беймәлім 22 жастағы жігіт Гуардалакава жағажайынан небәрі үш метр жерде өзге  демалушылармен бірге суға шомылып жүрген. Кенеттен оған акула шабуыл жасады. Жанұшырған айқайды естіген өзге жандар дереу көмекке ұмтылды.

Олар зардап шеккен азаматты  теңіз жыртқышының құрсаудай қысқан жағынан зорға босатып алды. Өкінішке орай,  акуланың  денеге салған жарасы тым терең болып шықты.

Ер адамды шұғыл ауруханаға жеткізген. Бірақ дәрігерлер  көп қан жоғалтқан жігітті ажалдан арашалап қала алмады.

Бұл Кубада соңғы 60 жылдың ішінде акуланың адамға бірінші рет шабуыл жасауы,  деп жазады Daily Mail. 

Соңғы жаңалықтар