Күдіктілерді азаптаған «Алматы-1» стансасындағы ЖІІБ қызметкерлерінің ісі сотқа тапсырылды
БКП-ның арнайы прокуроры жүргізген тексеріс барысында 2013 жылдың 21 қарашасында К. және Ә. есімді жедел уәкілдер «Алматы-1» стансасындағы ЖІІБ-ның қызметтік ғимаратында М. Керімбаев пен А. Есеновке қылмысты мойындату үшін ұрып-соғып, олардың денесін көгерткендігі және қансыратқандығы расталды.
Жедел уәкілдерге қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының Түріксіб аудандық сотына жіберілген.
«Айта кету керек, елімізде азаптау, қорлау және басқа да ар-намысты таптайтын қылықтарға қарсы тосқауыл қою мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты ұлттық заңнамаларды жетілдіру бойынша бірқатар шаралар қолға алынған. Прокуратура органдары қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған тұлғалардың осындай әділетсіз ұрып-соғу мен азаптау әрекеттерінің құрбаны болмауы үшін қажетті шаралар үздіксіз жасалып келеді» делінген хабарламада.