22:35, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Қуғын-сүргінге ұшырағандардың шетелдерден келген ұрпақтары ҚР Президентін Нобельдік бейбітшілік сыйлығына ұсыну жөнінде бастама көтерді
АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - «Қазақстан Президентінің қуғын-сүргінге ұшырағандарды есте сақтауға зор көңіл бөліп отырғанына, оның бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесіне, республикада біздің бәріміздің басымызды қосып осындай шаралар өткізіп отырғанына алғыс ретінде біз қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары Нұрсұлтан Назарбаевты Нобельдік бейбітшілік сыйлығымен марапаттауға ұсыну жөнінде бастама көтереміз», деді елордалық облыстың Ақмол ауылында өткен «дөңгелек үстелге қатысқан Мәскеу үкіметі жанындағы ұлттар ісі жөніндегі кеңес төрағалқасының мүшесі, біздің жерлесіміз Раушан Қанапьянова.
Қуғын-сүргінге ұшыраған Қанапия қажының немересі осындай шақырумен «Тарих пен тағдырлардың ортақтығы - Еуразиялық кеңістікті топтастырудың факторы» атты Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР) деп аталатын қайғылы мекенде өткен халықаралық «дөңгелек үстел» қатысушыларына үндеу тастады.
Р.Қанапьянованың ұсынысы Қазақстанға келген қонақтардың тарапынан зор қолдауға ие болды.