17:42, 17 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Кукушкин Девис кубогында аргентиналықтан басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана өткен Девис кубогының плей-офф ойындарында қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин аргентиналық Диего Шварцманнан басым түсті, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстан құрама командасының көшбасшысы алғашқы екі партияны - 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Үшінші кезеңде де қазақстандық спортшы өзінің қарсыласынан мықты екендігін көрсетті.
Кукушкиннің бұл жеңісі Қазақстан құрамасына Дэвис кубогының әлемдік тобына өтуге мүмкіндік сыйлады.
Айта кетейік, 15-17 қыркүйек күндері аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогының әлемдік тобына өту үшін Қазақстан-Аргентина арасында плей-офф матчы өтті.