Кукушкин мен Бублик АТР рейтингісінде төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби-теннисшілер қауымдастығы (ATP) өз спортшылары рейтингісінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.

Кукушкин мен Бублик АТР рейтингісінде төмендеді

Көшбасшылардың үштігін  өткен аптадағыдай испандық теннисші Рафаэль Надаль, швейцарлық Роджер Федерер және британдық Энди Маррей бастап тұр.

АТР рейтингінде үздік деп танылған қазақстандық Михаил Кукушкин бір баған төмен түсіп, 82-орынға ие болды. Өз кезегінде Александр Бублик бес орынға төмен сырғып, жүзінші бағанға тұрақтады.