Құқық бұзушыларға 65 млн теңгеден астам айыппұл салынды - Көліктегі ІІД
Сондықтан департаменттің қызмет көрсету аумағында, яғни әуежайлар мен темір жол вокзалдарында жолаушылардың жеке мүлкін және жылжымалы құрамдағы ұрлық фактілерін болдырмау, заңсыз есірткі айналымының жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ұдайы іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Көлік полицейлері 2014 жылы темір жол және әуе көлігі нысандарында орын алған 52 720 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, жолын кескен. Олардың 1749-ы ұсақ бұзақылыққа, оның ішінде 8103-і қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйінде келу, 3426-ы тыйым салынған жерлерде шылым шегуге қатысты болған. Нәтижесінде өткен жылы құқық бұзушыларға барлығы 65 млн-нан аса әкімшілік айыппұл салынды.
Сондай-ақ, көлік сақшылары темір жол бойындағы белгіленбеген жерлерден өткен 28 792 фактіні анықтаған. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін шұғыл тежелуге қатысты тіркелген 1266 фактінің 1100-і темір жол бойында адамдар мен малдардың жүруінен орын алған.
Талдау нәтижелері темір жол бойындағы оқыс оқиғалардың орын алуы азаматтардың белгіленбеген жерлерден жолды кесіп өтуі мен қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, сондай-ақ, қарапайым қағидаларды білмеуі немесе темір жол бойының қауіпті аймақ екендігін ескермеуінен екендігін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.