Құқық қорғау органдары арасында қазақ күресінен өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында құқық қорғау органдары арасында қазақ күресінен турнир өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары арасында қазақ күресінен өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды

null
Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Динамо» денешынықтыру жəне спорт қоғамының спорт залында өткен белдесуге облысымыздың əр өңірінен жиналған 60 жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Жарысқа Бұланды, Жақсы, Бурабай, Астрахан, Зеренді жəне Сандықтау аудандық ІІБ полицейлерінен бөлек, 5510 əскери бөлімінде əскери қызметін өтеп жатқан сарбаздар, мемлекеттік кірістер департаменті, төтенше жағдайлар департаменті жəне мамандандырылған күзет қызметінің қызметкерлері қатысты.
Жарыс қорытындысына сай жалпы, командалық есепте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің командасы бірінші орын алса, екінші жəне үшінші орындарды облыстық ІІД департаменті жəне Көкшетау техникалық институтының командалары өзара бөлісті.
Жеңімпаздар арнайы диплом жəне кубокпен марапатталды. 

null