Құқықтық актілерді нормативтік және нормативтік емес деп жіктеу көзделеді - Әділет министрлігі

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, Конституциялық Кеңестің 2013 жылғы 6 наурызындағы қаулысына сәйкес, «құқықтық актілер» терминінің мазмұны «нормативтік құқықтық актілер» терминіне қарағанда кеңірек, ал Конституцияда қолданылатын «басқа да құқықтық актілер» (Конституцияның 83 бабы 1-тармақшасы) ұғымы нормативтік сипаттағы және басқа да құқықтық актілерді қамтиды. Заң жобасы құқықтық кеңістіктегі осындай олқылықтарды қалпына келтіруді қарастырады.
«Осыған байланысты, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңның қолданыстағы нормаларын жоғарыда айтылған Конституциялық Кеңестің қаулысына сәйкес келтіру, бұл үшін құқықтық актілерді нормативтік құқықтық актілер ретінде айқындау қажет етіледі», - дейді З.Баймолдина.
Оның айтуныша, заң жобасымен құқықтық актілер номативтік және нормативтік емес құқықтық актілер деп екі топқа бөлінген. Бұл ретте нормативтік құқықтық актілер ретінде қазіргі таңдағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді қарастыру ұсынылады. Ал нормативтік емес құқықтық актілерге нормативтік құқықтық актілерге қатысты жасалған ресми талдау актілері, жеке қолданылатын құқықтық актілер, мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі құқықтық актілер жатқызылмақ.
Бұдан бөлек, заң жобасымен құқықтық мониторинг институтын жетілдіру, жаңа терминдер мен анықтамалар енгізу шаралары да көзделіп отыр.