«Құлагер» хоккей командасының бастығы ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Бұған дейін алаяқтық бойынша күдікке ілінген Сергей Филь қолға түсті.

«Құлагер» хоккей командасының бастығы ұсталды
Фото: «Құлагер» ХК

Тәртіп сақшылары оны Қарағандыда қолға түсірді. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Астананың 45 жастағы тұрғыны екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

— Ер адам полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер бұл кезеңде жария етілмейді, — делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге салайық, СҚО-дағы «Құлагер» хоккей клубының бастығы 24 қыркүйектен бері хабар-ошарсыз кетіп, бірнеше хоккейші оған алаяқтық фактісі бойынша полицияға шағымданғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар