Құламбаева ITF W35 турнирінің ширек финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Құламбаева аталған турнирдің екінші айналымында испаниялық теннисші Виктория Гоместен екі сет қорытындысы бойынша 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.
ITF W35 турнирінің бірінші кезеңінде отандасымыз Бразилия елінің өкілі Карлин Мартинешті айқын басымдылықпен жеңген еді.
Енді Жібек ширек финалда германиялық теннисшісі Александра Вечичпен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Анна Данилинаның Мексикадағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастағанын хабарлаған едік.