Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Жібек Құламбаева теннистен Солапур қаласында (Үндістан) өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жеңіске жетті. 

Жібек
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз жартылай финалға шығу үшін латвиялық Диана Марцинкевичпен шеберлік байқасты.  

Тартысқа толы кездесуде Құламбаева 6:0, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. 

Енді Жібек 1/2 финалдық бәсеке барысына Буньвяви Тамчайватқа қарсы тұрады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық қос теннисшінің Аустралия чемпионатында бақ сынайтынын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар