Құлдарды босату туралы аса сирек тарихи құжаттың көшірмесі 2,1 млн. долларға сатылды - Нью-Йорк

Newsru.com хабарлағандай,аса сирек тарихи құжат Манхэттеннің галереяларының бірінде бәссаудаға қоюды жөн көрген жеке тұлғаға тиесілі болған. Аса құнды дүниенің жаңа иесі - әлемдегі ең ірі инвестициялық қорлардың бірі Carlyle Group-тің басқарушы директоры Дэвид Рубинштейн.
Айта кетейік, құжаттың осы көшірмесінің бағасы ең жоғары көрсеткіш емес, себебі өткен жолы екі жыл бұрын сатылған прокламация көшірмесі бәссаудада 3,8 миллион долларға кеткен еді.
Өткен жолы сатылған лот бәссаудаға марқұм болған сенатор Роберт Кеннеди мен оның әйелі Этельге тиесілі жеке топтамадан алынып қойылған болатын.
Еске сала кетейік, Авраам Линкольн 1862 жылдың 19 маусымында құлдықты жою туралы заң қабылдап, 1863 жылдың 1 қаңтарында солтүстіктегі жер иелерінің меншігіндегі құлдарды босатуға шақырып, Құлдарды босату туралы прокламация шығарған.
Дегенмен құжат АҚШ-тағы Азаматтық соғыс аяқталғанға дейін тиісті күшіне ене алмады, себебі Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы қарулы қақтығыстың салдарынан оның конституциялық күшіне байланысты талас туындады.
Жалпы алғанда, Авраам Линкольн прокламацияның 48 көшірмесіне қол қойған, оның жартысынан азы ғана сақталып қалған, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.