Құлдыққа тап болғандарға мемлекет қандай көмек береді

Құлдыққа тап болғандарға мемлекет қандай көмек береді
Фото: Kazinform/Рixabay

АСТАНА. KAZINFORM –  Ішкі істер министрлігінің Kazinform сауалына жолдаған жауабында құлдыққа тап болғандарға мемлекет тарапынан берілетін көмек түрлері туралы мәлімет берді.

«Қазақстанда адам саудасының құрбандарына мемлекеттік бюджет есебінен көмек көрсетіледі. Мұндай жәбірленушілерге медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық сияқты 8 түрлі қызмет көрсетіледі. Бұл қызметтер аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанына немесе қозғалмағанына қарамастан көрсетіледі. Бұл нормалар Қазақстан азаматтарына, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ жандарға бірдей қолданылады. Бұған қоса адам саудасының құрбандары азаматтық заңнама аясында материалдық және моральдық өтемақы талап ете алады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізетін маман құрбанға бұл туралы мәлімдеуге міндетті», - делінген министрлік мәліметінде.

Министрліктегілер Қазақстан азаматтары шетелде жүріп шетін жайтқа тап болса, мүмкіндігінше сондағы Қазақстан елшілігіне немесе консулдығына хабарласу керектігін айтады. Ондай мүмкіндік болмаса, жергілікті полицияға жүгіну керектігі де айтылған. Жергілікті полиция жүгінген адамның қай елдің азаматы екеніне байланысты тиісті елшілікке хабар түсіреді.

Соңғы жаңалықтар